AI’preneurs бағдарламасы
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
AI’preneurs бағдарламасының екінші легі басталды
Astana Hub базасында жасанды интеллект (AI) саласындағы стартаптарды дамытуға арналған алғашқы қазақстандық акселераторлардың бірі – AI’preneurs бағдарламасының екінші легі өз жұмысын бастады. Бұл бастама IT-кәсіпкерлер, инноваторлар мен салалық мамандар арасында үлкен қызығушылық тудырған. 2025 жылы Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан барлығы 360 өтінім қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.