Astana Think Tank Forum-2024
Сенат • 17 Қазан, 2024
Әлемге қақтығыстардың алдын алатын тың тетіктер қажет - Мәулен Әшімбаев
Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев II Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Орталық Азия форумында баяндама жасады. Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Құбылмалы жаһандық тәртіптегі орта державалар: қауіпсіздікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды нығайту» атты бірінші Astana Think Tank Forum-2024 аясында ұйымдастырылды. Онда әлемнің 20-дан астам елінен келген 50-ге жуық сарапшы орта державалардың қазіргі жаһандық деңгейдегі стратегиялық және дипломатиялық рөлін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.