Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2024
«80 жылдан соң»: Жауынгер сүйегі елге жеткізілді
Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі Екінші дүниежүзілік соғысында қаза тапқан Кәдірбек Дәулетқұловтың сүйегін кіндік қаны тамған туған жеріне қайта жерлеу үшін Жамбыл облысына жеткізді. Бұл үшін Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери-көліктік ұшағы арнайы рейс ұшырды. Жауынгердің сүйегін қарсы алуға арналған рәсім Тараз қаласы әуеайлағының әскери секторында ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаменті және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен ардагерлері ұйымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс ведомствосына сілтеме жасап.