EKOMEKEN
Экология • 24 Мамыр, 2021
Елімізде жүлде қоры 10 млн теңге болатын реалити-шоу өтеді
Экология және қоқысты қарапайым кәдеге жарату мәселелері азаматтар арасында да, саясаткерлер арасында да өзекті. Бұл мәселені лауазымды тұлғалар да көтеріп жүр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектепте экологиялық даму пәндерін енгізу туралы да айтты. Сондықтан «Хабар» Агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС жобасына қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина хабарлады, деп жазады Egemen.kz.