Eurasian Resources Group
Жұмысшы мамандықтар жылы • 11 Маусым, 2025
Жұмысшы мамандықтарын қолдайды
Биыл Президенттің тапсырмасымен кәсіптік білім беру саласына реформа жасалып, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, кәсіби маман болу ісіне айрықша көңіл бөлініп отыр. Маңызды міндетті іске асыруға еліміздегі ірі компаниялар белсенді атсалысып келеді. Eurasian Resources Group (ERG) компаниялар тобы өз кәсіпорындарын білікті мамандармен қамтамасыз ете отырып, ERG Skills шеберлік байқауын өткізуді дәстүрге айналдырған, деп жазады Egemen.kz.