Finance for Biodiversity
Экономика • 21 Қыркүйек, 2021
Тұрақты азық-түлік жүйесін қаржыландыру
БЕЙЖІҢ. Жаһандық азық-түлік жүйесі тұрақты емес. Оның құны жылына шамамен 8 триллион долларды құраса, теріс әсері 12 триллион доллардан асып кетті. Бұл жүйенің бір ғана қарама-қайшылығы емес. Әлемде азық-түлік жүйелері климаттың өзгеруіне әсер етеді (ауа райының бұзылуы мен температураның жоғарылауы) және оған айтарлықтай үлес қосады (парниктік газдар шығарылымы мен биоәртүрліліктің жойылуы). Осы саладағы миллиондаған жұмыс орнының көбі қара күшті қажет етеді әрі жалақысы төмен. Ең маңыздысы, басты мақсаты – баршаға қолжетімді, пайдалы тамақпен қамтуға қол жеткізе алмайды.