LRT тоқтау себебі
Қоғам • 17 Мамыр, 2026
LRT-ны тоқтатқан жолаушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Кеше ғана іске қосылған Астанадағы LRT желісі бүгін тоқтап қалды деген видео жазбалар әлеуметтік желіде желдей есті. Онда жолаушылар тоқтап тұрған вагонның есігін ашып жатқандығы көрінеді. Жүрдек пойыздың тоқтап қалуына LRT желісіндегі қауіпсіздік ережесін бұзған жолаушылар кінәлі екендігі анықталды. Осы оқиғаға қатысты LRT желісіне жауапты «STS City Transportation sistems» компаниясы бірден ресми түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.