Namys
Экономика • 26 Мамыр, 2026
Ақмола облысында егіс алқаптарының 70%-ына дән себілді
Елдің басты аграрлық өңірінде көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда жаздық егіс 3,8 млн гектар алқапта жүргізілді, бұл жалпы көлемнің 70%-ын құрайды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен бірге Зеренді ауданындағы агроөнеркәсіптік кешен нысандарына жұмыс сапарын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz