QazaqSham
Сенат • 05 Маусым, 2024
Сенат Төрағасы QazaqSham қазақша контент жасаушылар форумына қатысты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның бір топ депутатымен бірге QazaqSham форумына қатысып, креативті индустрия саласындағы жаңа жобалармен танысты. Сондай-ақ қатысушылармен Мемлекет басшысы бастамашы болған қазақ тілінде контенттер дайындау барысын және осы бағыттағы басқа да өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шараға креативті индустрия және отандық медиа өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.