Qymyz
Мәдениет • 21 Шілде, 2025
Ұлт ділінің дәмі бір жұтым қымызда. Көшпелі өркениеттің әбілхаят сусыны қадым заманғы қазақтың тектік жадын тірілтіп, рухани дүниетанымын қалыптастырып келеді. Күбідегі күрп-күрп пісілген қымыздың дыбысы дала қазағының өмір ырғағы, көңіл ымбалы іспеттес. Міне, осы асыл дәстүрді заманауи қоғаммен сабақтастырып, баба сусынын бүгінгі ұрпаққа қайта танытқан тағылымды іс-шара – Астанада өткен «BaiQymyz – бапталған қымыз» гастрофестивалі болды.
Елорда • 16 Шілде, 2025
BaiQymyz фестивалінде 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады
Астанада «Қазанат» ипподромында осы айдың 19-20 күндері халқымыздың киелі сусыны – қымызға арналған бұрын-соңды болмаған көлемдегі «BaiQymyz – бапталған қымыз және ұлттық тағамдар» гастрофестивалі өтетіні мәлім, оған еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысып, жалпы көлемі 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады деп күтіліп отыр. Гастрофистивалге қатысу тегін болады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 19 Мамыр, 2025
Ұлттық дәстүрдің жандануына жол ашқан мереке
Астанадағы «Балқарағай» демалыс аймағында халқымыздың ежелгі салты – Қымызмұрындық кең ауқымда аталып өтті. Бұл жай ғана мереке емес, көктем мен тіршіліктің оянуын, даланың дархан тынысын сездіретін, халқымыздың ғасырлар бойы сақтап келген қасиетті дәстүрлерінің жаңғыруы. Қазақтың шипалы сусыны қымызды ұлықтауға арналған салтанатқа қала тұрғындары және шетелдік туристер қатысты, деп жазады Egemen.kz.