robot
Digital • 18 Шілде, 2025
Еліміздің IT бренді түркі дүниесін топтастырды
Бакуде өткен Technoxian Azerbaijan халықаралық чемпионаты аясында еліміздің «Robotek Grand Tournament» жобасы ресми түрде таныстырылды. Роботтар шайқасы мен дрон жарыстарын қамтыған бұл алаң – дәстүрлі түрде инженерлік ойлау мен техникалық шығармашылықтың ең жоғары деңгейін көрсететін беделді дода. Биылғы жарысқа Әзербайжанның барлық өңірінен 120-дан астам мектеп пен жоғары оқу орнының командалары қатысып, ұлттық финал STEM-білім берудің айтарлықтай ілгері дамығанын паш етті, деп хабарлайды Egemen.kz.