sarbaz
Әскер • 28 Шілде, 2025
SARBAZ+ пилоттық жобасы іске қосылады
Қорғаныс министрлігі жүзеге асырып жатқан жаңа форматтағы мерзімді әскери қызметтің SARBAZ+ пилоттық жобасы – заманауи технологияларды күнделікті әскер өміріне кіріктіруге бағытталып, әскери қызметшілерді даярлау сапасын арттырады. Осы күзде Алматы облысында орналасқан Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөлімінде 150 әскерге шақырылушы жаңа үлгі бойынша қызмет атқара бастайды, деп жазады Egemen.kz.