Көп оқылғандар
MNU профессорлары жаңа Конституция жобасын қолдады
Maqsut Narikbayev University (MNU) заңгер ғалымдары Қазақстан Республикасының жаңа Ата заңы жобасын қолдағандарын жариялады. Университетте «Жаңа Конституция – мемлекеттілік дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
Сәтбаевта қалың қар жауды: Жол тазалауға қанша техника жұмылдырылды?
Өткен жылы Сәтбаев қаласында қоқыс шығару бойынша біраз мәселе туындаған. Биыл 1 қаңтардан бастап қоқыс жинаумен айналысқан «Сәт-Тазалық» компаниясымен келісімшарт тоқтатылды. Жаңа мердігер – «Ұлытау эко сервис» анықталды. Компания бірден жұмысқа кірісіп, күшейтілген режимде қызмет көрсетуге кірісті, деп жазады Egemen.kz.
Кеше
Неліктен жылыту үшін ақы әр айда әртүрлі? «Астана-Теплотранзит» себебін түсіндірді
«Астана-Теплотранзит» АҚ мәліметінше, тұрғындар түбіртегіндегі сомманың көбеюі сыртқы ауаның орташа температурасына тікелей байланысты. Ауа температурасы төмендеген сайын тұрғын үйлерде нормативтік температураны сақтау үшін көбірек жылу энергиясы қажет. Сәйкесінше, төлем мөлшері де көбейеді, деп жазады Egemen.kz.
Кеше
Қоныс тойы тойланды, тоқтаған құрылыс қозғалды
Өткен аптада облыс әкімі Берік Уәли Абай ауданына жұмыс сапарымен барып, аудандағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, тұрғын үй құрылысының барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Кеше
Могулшы Павел Колмаков жекелей сында жарыс жолынан шығып қалды
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан ерлер арасындағы алғашқы финалдық сайыс өз мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.
Кеше
Ақтөбелік кәсіпорын жұмысшыларына жаңа Конституцияның басымдықтары айтылды
Ақтөбенің ферроқорытпа зауытында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Кездесуге облыстық мәслихат төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Гүлқасима Сүйінтаева, облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбаев және кәсіпорынның еңбек ұжымы қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Кеше
Үйленгісі келмейтіндер неге көбейді?
Үйленіп кеткендерден үй бөліп кеткендер көп. Қыз-жігіттер жастық шақтың қызықшылығын теріс көрмесе де, шаңырақ көтеруге асығар емес. Санақшылар былтыр некелескендердің саны ешқашан бұлай аз болмағанын айтады, деп жазады Egemen.kz.
Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед Әбделсаламды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің және шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығының Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше
Жаңа Конституцияны қолдайтын Жалпыұлттық Коалиция құрылды
Бүгін елордада еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияға бірікті. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен миллиондаған азаматтың мүддесін білдіретін 300-ден астам қоғамдық ұйым енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
Мемлекет басшысы құқық қорғау қызметін күшейтетін заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қару айналымын бақылауды күшейтетін заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше
Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумға қанша қаражат жұмсалады?
2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумның алдын ала бюджеті жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мади Мырзағараев сөз сөйлеп, жаңа Конституциядағы «Заң мен Тәртіп» қағидасының мәнін және адвокаттық институттың қоғамдағы орнын туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы: Қаңтар айында қанша теңге төленді?
2026 жылдың қаңтар айында елімізде 164,1 мың азаматқа бала тууына және оның күтіміне байланысты 59,2 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Жәрдемақылар республикалық бюджет пен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) есебінен төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
Әйелдер күресінен ел құрамасының бас бапкері ауысты
Күрес федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері қызметіне Нұрсұлтан Теміров тағайындалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Кеше
Павлодар трамвай паркі облыстың коммуналдық меншігіне өтті
«Д.Д. Махмудов атындағы Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ акциялар пакеті «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан Павлодар облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілді. Бұл туралы «Павлодар» ӘКК басқарма төрағасы Дәурен Жамбайбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
Әулиекөлде көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Әулиекөлде халықтың әлеуметтік осал топтары санатында тұрған 24 отбасы баспаналы болды. Қоныс қуанышына орай өткен салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды құттықтап, пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
Шығыс Қазақстан жастары референдумды қолдайды
15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында Шығыс жастары ел тағдыры үшін маңызды қадамға үн қосты. Олар үшін болашақ – алыс көкжиек емес, бүгінгі таңдаудан басталатын нақты жауапкершілік. Өйткені мемлекет ертеңі әр азаматтың саналы шешімі мен азаматтық ұстанымына байланысты айқындалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
13 ақпанға дейін жол жабық: Қай өңірлерде қозғалысқа шектеу қойылды?
Елдің оңтүстігінде қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?
Әлеуметтік желіде Kaspi Gold карталарынан белгісіз төлемдер алынып жатқанын айтып, шағымданушылар көбейді. Тұтынушылар ешқандай жазылым қоспаса да Google немесе Telegram қосымшаларының сыйлықтарын пайдаланғаны үшін ақша ұсталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елордада 14-15 ақпан күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Қала әкімдігінің мәліметінше, онда азық-түлік тиімді бағамен ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.
Кеше