Фото: shutterstock
12 ақпан сағат 13:00-дегі жағдай бойынша Жамбыл және Түркістан облыстары аумағындағы «РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» халықаралық дәлізінде барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.
Жамбыл облысында жолдың 534-593 шақырымы, яғни Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралық жабылды. Ал Түркістан облысында осы жолдың 593-654 шақырымы, Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейінгі бөлігіне шектеу қойылды.
Ақтөбе облысында жолда қалып қойған 400 жолаушы пойызбен тегін жеткізілді
Бұдан бөлек, 12 ақпан сағат 13:30-дан бастап Жамбыл облысының аумағында аталған автожолдың бірқатар бөлігінде жүк көліктерінің қозғалысы шектелді. Атап айтқанда, Тараз қаласы мен Қайнар ауылы аралығындағы 238-476 шақырым және Тараз айналма жолының 476-534 шақырым бөліктерінде жүк көліктері үшін уақытша шектеу енгізілді.
Аталған жолдарды 2026 жылғы 13 ақпан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.