Фото: Ertenmedia.kz
Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.
Алматы өңірінің кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 17-22 м/с болады, жекелеген ауданында екпіні 28 м/с-ке дейін жетеді.
Қызылорда облысының күндіз кей жерінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан аймақтарының кей жерінде бұрқасын соғады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Еліміздің 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі. Жамбыл және Маңғыстау өңірлерінің кей жерінде көктайғақ күтіледі, Түркістан облысында күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Еске салайық, 11 ақпанда елімізде қарлы боран, көктайғақ, қатты жел болған еді.