Фото: Ашық дереккөз
Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемесінде Трамп Тегераннан барлық байытылған уранды жоюды талап етті.
«Байытылған уран дереу АҚШ-қа жеткізіліп жойылуға тиіс немесе ең дұрысы, Ислам Республикасы Иранмен бірлесіп сол жерде не басқа қолайлы орында жойылады», деп жазды ол жазбасында.
Сондай-ақ Трамп бұл процеске АҚШ-тың «Атом энергиясы жөніндегі комиссия немесе соған ұқсас орган» қатысатынын айтты.
Айта кетейік, Иранның ядролық бағдарламасын бақылау мәселесі тараптар арасындағы келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі болып отыр. Ақ үй болашақ келісім Иранның уран байыту мүмкіндігін толықтай шектеуі керек деп санайды. Ал Тегеран тарапы әзірге түпкілікті келісімге қол жеткізілмегенін мәлімдеді.