Футбол • Бүгін, 18:00

Файзуллаев жасындай жарқылдады

4 мин
оқу үшін

Мексика, АҚШ, Канада елдері тізе қосып өткізіп жатқан футболдан әлем чемпионаты тартысқа толы сайысымен төрткүл дүниені өзіне қаратып отыр. Орталық Азия елдерінен алғаш болып әлемдік мундиаль додасына қатысу жолдамасын еншілеген Өзбекстан ұлттық құрамасы бірінші тур ойынының тартысына түсіп, тегеурінді ойын өрнегімен дараланды, деп жазады Egemen.kz.

Файзуллаев жасындай жарқылдады

«К» тобындағы екінші матч Мексикада өтті. Биылғы әлемдік аламанның ашылу салтанаты мен беташар матчты қабылдаған Мехиконың әйгілі «Ацтека» стадионында Өзбекстан мен Колумбия құрамалары шеберлік байқасты. Әлем чемпионатына тұңғыш рет ат байлаған өзбек ағайынның ұлттық құрамасы жаһан додасын жатырқаған жоқ. Жасыл алаңда жасын ойнатып, қарсыластың қысымына тойтарыс бере жігер танытты. Қорғаныс шебінің мықтылығы соншалық, колумбиялық футболшыларды тырп еткізген жоқ. Олай дейтініміз колумбиялық шабуылшылар Өткір Жүсіпов қорғаған Өзбекстан ұлттық құрамасының қақпасына алғашқы тура соққыны тек 17-минутта ғана бағыттай алды. Англияның «Манчестер Сити» командасында ойнайтын талантты Абдуқадыр Хусанов бастаған тасқамал қорғанысты бұза алған жоқ. Дегенмен де мүмкіндікті мүлт жібермейтін Колумбия құрамасы діттегеніне жетті. Матчтың 40-минутында Муньос есеп ашып, колумбиялықтар алға озған. Екінші таймда еңсе тіктеген өзбек футболшылары 60-минутта гол соқты. 22 жастағы Өзбекстанның алтын айдарлы сақасы Аббосбек Файзуллаев әлем чемпионатындағы алғашқы голын еншісіне жазды. Қаршығадай ғана жұқалтаң жігіт Колумбия құрамасының еңгезердей қорғаушыларын кәдімгідей састырды. Еуропаның еңселі клубтарында шыңдалған Елдор Шомуродов бастаған өзге жігіттер де жасындай жарқылдады.   

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті

Файзуллаев

Өзбектердің де әлем чемпионатындағы алғашқы матчынан ұпай алатын мүмкіндігі болған еді. 65-минутта колумбиялық жартылай қорғаушы Луис Диас еншісіне гол жазып, командасын алға шығарды. Өзбекстан құрамасының ойыншылары қарымта шабуылды өрістету тактикасына сүйеніп, доп айырмашылығын қысқартуға барын салды. Бас төреші Энтони Тейлор (Англия) екінші таймның негізгі уақытына 8-минут қосты. 90+8 минутта алаңға 72-минутта шыққан Хаминтон Кампас үшінші голды соғып кетті. Матч түгесілер тұста Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Бехруджон Кәрімовтың алыстан шірене тепкен соққысы Колумбия құрамасының қақпасы маңдайынан қайтты.

Англия құрамасы Хорватиядан басым түсті

Италиялық маман Фабио Каннаваро баптайтын Өзбекстан ұлттық құрамасы бұл әлем чемпионаты қатысу жолында талай от пен судан өтті. Азияның азулы құрамаларын ығыстырды. Енді олар топтағы екінші матчында Португалия құрамасына қарсы ойнаса, колумбиялық футболшылар конголық қарсыласынан ұпай олжалауға ұмтылады. 2006 жылы әлем чемпионы атанып, «Алтын допты» қанжығасына бөктерген Ф.Каннаваро арада 20 жыл өткенде бас бапкер ретінде жаһандық додада біліктілігін сынап жатыр. Бұл әлем чемпионатында  Өзбекстан  құрамасының мүшелеріне де футбол скауттарының назары түсетіні анық. Хусановтай таланттар түлеген тұғырда әлі де таңдаулы тастүлектер қанатын қомдап самғауға сақадай-сай отыр.

файзуллаев

Әлемдік мундиальда Өзбекстан құрамасының топтық кезеңнен шығуға әлі де мүмкіндігі бар.

Айтпақшы, бүгінгі Өзбекстан – Колумбия құрамалары тартысының тікелей трансляциясын жанкүйерлермен бірге тамашалау орайы туды. Игі істі Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырды.      

Әлем чемпионаты: Өзбекстан құрамасы Колумбияға қарсы матчта мінез көрсетті

Соңғы жаңалықтар