Фото: facebook.com/CENTCOM
NBC News мәліметінше, Тим Хокинс бұл шабуылдардың «қорғаныс мақсатында» жасалғанын және «зымыран ұшыру қондырғылары мен мина орнатуға әрекеттенген ирандық катерлерге» бағытталғанын нақтылады.
Оның айтуынша, соққылар Иранның оңтүстігіндегі Ормұз бұғазы маңында орналасқан Бендер-Аббас ауданына жасалған. Сонымен қатар, телеарна мәліметінше, 8 сәуірден бастап күшіне енген АҚШ пен Иран арасындағы уақытша атысты тоқтату режимінде қандай да бір өзгерістер туралы хабарланбаған.
«АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы жалғасып жатқан бітім режимі жағдайында ұстамдылық таныта отырып, біздің күштерімізді қорғауды жалғастырып жатыр», деді Т. Хокинс.
Ал ирандық БАҚ Бендер-Аббас пен бұғаз жағалауындағы аудандарда жарылыстар болғанын хабарлады. Reuters агенттігінде қаладағы жағдай бақылауда екенін және алаңдауға негіз жоқ екені хабарланды.