Әдебиет • 15 Қаңтар, 2026
Алпысыншы жылдардың орта шенінде қазақ поэзиясына ойы да, сойы да бөлек талантты жастардың легі келіп қосылды. Шетінен шығыс пен батысты қатар оқыған, албырт та алғыр сол өрендердің ішінде тағдырдың талай тепкісін көріп жасымаған, кеудесінде жыр мұхиты тербеліп жатқан Мұқағали Мақатаев та бар еді.
Заң мен Тәртіп • 15 Қаңтар, 2026
Ішкі істер министрлігінде алқа отырысы өтіп, онда ішкі істер органдарының өткен жылдағы жедел қызметінің қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге жоспарланған басым міндеттері айқындалды. Отырысты ашқан Ішкі істер министрі Ержан Саденов өткен жыл құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы маңызды кезең болғанын айтты.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2026
Қоғамның мейірімін арттырған қор
2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры – ел игілігіне жұмыс істейтін, әлеуметтік әділеттілік пен қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды институт. Басты мақсаты – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау, өмір сапасын жақсартуға атсалысу.
Экономика • 15 Қаңтар, 2026
Райымбек Баталов: Басты миссиямыз – кәсіпкерлердің мүддесін қорғау
Ел экономикасының күш-қуаты бизнестің әлеуетіне көп байланысты. Сондықтан мемлекет шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, еліміздегі іскер азаматтарды көбейтуге, оларға мүмкіндіктер жасауға айрықша көңіл бөліп келеді. Осы орайда бизнес пен билік арасында алтын көпір болып, кәсіп иелерін қолдап, мұң-мұқтажын ескеріп, мәселелерін шешуде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлі орасан зор. Біз бизнес қауымдастығының бүгінге дейін атқарған ауқымды жұмыстары мен келешекте белгілеген меже, жоспарлары жөнінде ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталовпен әңгімелескен едік.
Пікір • 15 Қаңтар, 2026
Бұйырса, тарихи Қызылорда осы жылдың атаулы күнпарағын Ұлттық құрылтайдан бастағалы тұр. Қасиетті де киелі өңірдегі елдік жиын береке-бірлігімізді арттырып, келелі ой-пікірді ортаға салады деп сенемін.