Әлем • 03 Наурыз, 2026
Таяу Шығыстағы дүрбелең: ақиқаттың ауыр жолы
Израиль мен АҚШ-тың Иранға жасаған соққылары қас пен көздің арасында Таяу Шығыстың астаң-кестеңін шығарды. Сол аумаққа жақын елдердің шырт ұйқыдағы тыныштығы да әп-сәтте әлем-тапыраққа айналды. Қалай десек те, елді қырық жылға жуық билеп келген аятолла Әли Хаменеидің зымырандық соққылардың салдарынан қаза табуы әлем халқын екіге бөліп жіберді. Бірі «бұл ел дін құрсауынан құтылады» деп қуанса, екінші жақ «осылай мемлекет басшыларын оққа байлай берсе, әлемде әділет бола ма?» деп әбіржіді.
Әлем • 03 Наурыз, 2026
Кейінгі кездері Ауғанстандағы Талибан үкіметі мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас күрт шиеленісе түскен. Өткен аптада екі ел шекарасындағы қарулы қақтығыста ондаған адам қаза тапты. Қақтығыс мұнымен бітпей, талибандар Пәкістанның әскери шептеріне шабуыл жасады. Бұған жауап қайтарған Пәкістан Кабул, Қандағар мен Пактия провинцияларына оқ жаудырды.
Саясат • 03 Наурыз, 2026
Аида Балаева: Президент – жаңа Конституцияның негізгі авторы
Өскемен қаласында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өкілдері шығармашыл, ғылыми және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, сонымен қатар жастармен кездесті. Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды.
Саясат • 03 Наурыз, 2026
Азаматтар құқы мен бостандығы – басты орында
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өкілдері Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесті.
Саясат • 03 Наурыз, 2026
Азия даму банкі ауқымды жобаларды қаржыландыруға мүдделі
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Азия даму банкінің (АДБ) президенті Масато Канда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген стратегиялық бағыттар шеңберінде инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мен инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады.