Олимпиада • 24 Ақпан, 2026
Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV қысқы Олимпия ойындары аяқталды. Жарты айға жуық бүкіл дүние жүзінің назарын өзіне аударған жаһандық жарыста еліміздің спортшылары біршама табысты өнер көрсетті.
Ата заң • 22 Ақпан, 2026
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Конституция – қоғам мен билік арасындағы ең биік келісім. Ол мемлекеттің не үшін өмір сүретінін және кімге қызмет ететінін анықтайды. Осы өлшеммен қарағанда, 2026 жылғы жаңа Ата заң Қазақстанның құқықтық жүйесінде маңызды бетбұрыс жасады. Бұрынғы Конституция өтпелі кезеңде мемлекетті сақтауға бағытталса, жаңа құжат адамның қадір-қасиетін құқықтық саясаттың алдыңғы шебіне шығаруға талпынып отыр.
Қоғам • 21 Ақпан, 2026
Ақтөбеде өткен «Жаңартылған Конституция – тұрақты даму» форумында белсенді жастар, мемлекеттік органдар өкілдері мен сарапшылар, депутаттар жаңа Конституция жобасына енгізілетін өзгерістерді талқылады.
Реформа • 21 Ақпан, 2026
Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы
Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың роботтехника орталығы алаңында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері белсенді жастармен және IT саласының өкілдерімен кездесті. Жиынға делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап келді. Оған Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев, Конституциялық комиссия өкілдері, қоғамдық институттар мен білім беру саласының басшылары, сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Кездесуге студенттер, жас зерттеушілер және қалалық IT-бастамалардың қатысушылары жиналды.
Реформа • 21 Ақпан, 2026
Жауапкершіліктің айқын көрінісі
Қызылордадағы Достық үйінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті. Оған мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақтық департаменттер басшылары, бизнес қауымдастығының өкілдері, саяси партия жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар, Ассамблея мүшелері мен жастар қатысты.