Жастар • 17 Сәуір, 2026
Тайм-менеджмент және талапты студент
Тайм-менеджментті пайдаланып, білім алумен қатар кәсібін де дамытуды мақсат еткен студенттің тәулік бойғы іс-әрекеті жоспарланған. Халықаралық қазақ-түрік университеті спорт факультеті, дене мәдениеті кафедрасының 4-курс студенті Мейірлан Досжанов грантта оқиды. Биыл университетті тәмамдағаннан кейін мамандығы бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Дегенмен студент өз ортасына табысты әрі алға қойған мақсат-жоспары көп кәсіпкер ретінде танылып үлгерді.
Қоғам • 17 Сәуір, 2026
Қара жол қателікті кешірмейтіні баршаға мәлім. Түн ауса, қала көшелерінде көлікпен құстай заулайтын «шумахарлердің» желпініп жарысқа түскенін талай көрдік. Жылдамдықты шектен тыс асырудың салдарынан қанша адам бақилық болды? Облыстық полиция департаментінің басшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында біраз шараны қолға алып, жұмыс істеп жатыр. Әйтсе де, жол үстідегі жүгенсіздік азаяр емес.
Қоғам • 17 Сәуір, 2026
Өңірде жол қозғалысы біртіндеп тәртіпке түсіп келеді. Алдыңғы аптада өткен ауқымды саптық таратылым жол ережесін елемейтін жүргізушілерге «заң бәріне ортақ» екенін естеріне салды. Бұл жолы «жанашырларына» сеніп, жауапкершіліктен жалтару мүмкіншілігі мүлдем болмады. Астана қаласы мен Ақмола облысынан келген тәртіп сақшылары және өңірдің жол сақшылары заң бұзғандарды қатаң жауапқа тартып, айыппұл салып, көліктерін арнайы тұраққа жөнелтті.
Білім • 17 Сәуір, 2026
Директорды шекті мерзімге тағайындау тиімді ме?
Жыл басынан бері мектептерде директорларды жаңа «2+2» жүйесі негізінде тағайындау туралы ұсыныс қызу талқыланып жатыр. Оқу-ағарту министрлігі қалалық мектептердің басшыларын алдымен 2 жыл мерзімге тағайындап, директор діттеген межені орындаса, қызметін тағы екі жыл атқаруға мүмкіндік берілетінін түсіндірді. Ал ауылдық жердегі мектеп басшыларына «3+3» мерзімі ұсынылған.
Білім • 17 Сәуір, 2026
«IQanat» олимпиадасының II туры аяқталды, ол ауылдардағы 10 мың 8-сынып оқушысының басын қосты. Бұл облыстық кезеңде жазда «IQanat» мектебінің гранттары немесе жобаның бірегей білім беру бағдарламаларына қатысуға таласатын финалистер айқындалды. Бірақ олимпиада – жай тестілеу ғана емес. ІІ тур – айқанаттық жастар қауымдастығының еңбегі анық көрінетін сәт. Бұл жерде әңгіме «Peer-to-Peer» туралы.