Референдум • 13 Ақпан, 2026
Референдум өткізу жоспары бекітілді
15 наурызда ел азаматтары жаңа Конституция жобасына дауыс береді. Осыған байланысты Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті. Оған сәйкес, кешеден бастап 14 наурыз сағат 00.00-ге дейін үгіт жүргізуге рұқсат етілді.
Digital • 13 Ақпан, 2026
Цифрлық емхананың онлайн кеңесі
«Digital Business» пен «Astana Hub» бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы үздік бастамаларды таныстырып келеді. Солардың ішінде Нұрәли Исмағұлов негізін қалаған «Metaclinic.kz» жүйесі айрықша көзге түсті. Бұл цифрлық емхана арқылы дәрігерден онлайн кеңес алуға болады. Пайдаланушы сайтқа кіріп, мазалаған мәселесіне қарай дәрігерді таңдайды. Содан соң уақытын белгілеп, төлем жасайды. Кейін мамандар қоңырау шалып, кеңес береді. Бұл жай ғана «чаттағы кеңес» емес, заңды әрі жүйелі медициналық қызмет ретінде ұсынылады. Айтпақшы, қызмет бағасы – бар болғаны мың теңге. Сапалы әрі қолжетімді жоба қазірдің өзінде көпшілік көңілінен шығып отыр.
Пікір • 13 Ақпан, 2026
Конституция – кемел келешек кепілі
«Заман басқа, заң басқа» дейді қазақ. Заман өзгергенде, қоғам өзгергенде, адам өзгергенде заңның өзгеруі – қисынды нәрсе. Бұл жалпы заңнамаға ғана емес, Негізгі заң – Конституцияға да қатысты.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Тұрғындар тұншығып, тексеріс тежеліп тұр
Атырау ел экономикасының күретамырына қан жүгірткен мұнайлы өлке болғанымен, өңірдегі экологиялық ахуал тұрғындардың бас ауруына айналғалы қашан. Жер қойнауынан табиғи байлық мол өндірілген сайын, жұтқан ауаның жұпар еместігі – әзірге түйіні тарқамаған күрделі мәселе. Әсіресе, желсіз күндері қолқаны қабатын жағымсыз иіс қала халқын әбігерге салады.
Пікір • 13 Ақпан, 2026
Қазіргі жаһандық даму жағдайын да экономикалық және технологиялық трансформациялар әлемдік тәртіптің бет-бейнесін түбегейлі өзгертіп жатыр. Әлеуметтік-саяси үдерістер қарқын алып, геосаяси тұрақсыздық пен тәуекелдер күшейіп келеді. Мұндай жағдайда мемлекеттердің өміршеңдігі бұрынғыдай тек ресурстарға не формальды егемендікке емес, институционалдық беріктікке, құқықтық жүйенің әділеттілігі мен тиімділігіне, сондай-ақ қоғамның ішкі бірлігі мен құндылық тұтастығына тікелей тәуелді бола түсті. Сондықтан тәуелсіздік –бір мәрте қол жеткізіп, мәңгілікке сақтала беретін мәртебе емес, үздіксіз еңбекті, жаңғыруды талап ететін күрделі әрі жауапты үдеріс.