Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Белсенділер біліктілігін арттырды
Маңғыстаулық белсенділер «Көшбасшылар керуені» жобасы аясында Астанаға келді. Олар үш күн бойы елордадағы мемлекеттік органдардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ «Study tour» негізінде өңірдің дамуына қатысты мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.
Өнер • 18 Желтоқсан, 2025
Мәңгілік құндылықты қастерлеген
Әлемнің жарығын сыйлаған аяулы анаға деген құрмет қашанда заңғар таудай. Ананың мейірімі мен жан жылуы тіршілікке нәр беріп, ұлтын сүйер ұрпақ өсіріп, ата-баба дәстүрін жалғастырып, отбасы құндылығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқаны Қарасай ауданындағы «Анаға құрмет» музейінде өткен «Тұғыры тамырлы – Тәуелсіздік» атты мәдени іс-шараға арқау болды.
Жастар • 18 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік алғаннан бергі 34 жыл – еңсесін енді тіктеген мемлекеттің тарихи белесі ғана емес, ұлттың жаңа болмысы қалыптасқан кезең. Осы уақыт ширегінде есейген буын – кеңестік жүйенің салмағын сезінбеген, жаһандық трендпен біте қайнасқан, цифрлық дәуірдің мүмкіндіктерін еркін қабылдаған жастар. Бүгінде олар түрлі салада еңбек етіп, еліміздің саяси, экономикалық, мәдени тынысына жаңаша серпін беріп жүр.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол
Танымал жазушы, сыншы, ғалым Нұрдәулет Ақыш мерейлі жасқа шықты. Осы орайда қаламгердің сөз өнеріне арнаған өмірі мен шығармашылығы баспасөзде жан-жақты талдануы – табиғи заңдылық. Біз бүгін Нұрдәулет Ақыштың кісілік қасиеттері мен шығармашылық ерекшеліктері жөнінде сөз қозғамақпыз.
Руханият • 18 Желтоқсан, 2025
Қазақ ойшылы Америкаға қалай танылды?
Бір сәт алып ағаштың сансыз жапырағын тербеп тұрған желдің қаншалықты қуатты екенін ойлап көріңізші. Ал ғұмырлық мұратты, маңдайдан басқан маңғаз ұйқыны, қалғыған қоғамды оятуға да соншалықты күш керек. Біздің қазақ қоғамына ол күш Абай Құнанбайұлы болды.