Алматы • 02 Сәуір, 2026
Жыл басталғаннан бері Алматы хайуанаттар бағы талай сирек жануармен толығып, жағымды жаңалыққа кенеліп жатыр. Оның үстіне хайуанаттар бағына келетіндердің де қатары көбейе түскен. Ал қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері Наурыз мейрамы күндері зообақтың «жаңа тұрғындарын» көруге 40 мыңдай адам келгенін айтады. Оның ішінде биылғы 11 қаңтарда Бентли мен Ярги атты амур жолбарыстарынан туған үш бірдей шөнжік те бар.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
Сәуірдің алғашқы күні елімізде дәстүрлі Франкофония көктемі фестивалімен басталды. Осымен 16-рет ұйымдастырылған фестиваль аясында еліміздің бірнеше шаһарында – Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Қостанай қалаларында түрлі іс-шара жоспарланған.
Көрме • 02 Сәуір, 2026
Шамалғандағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Ұлт өрнегі – ұрпақ өнегесі» атты ұлттық киімдердің сән көрмесі көпшілікке ұсынылды. Онда әйелдердің талғам таразысына сай келер эстетикалық күміс, түрлі-түсті тастармен көмкерілген әшекейлер жиынтығы мен киізден басылған киім түрлері көрме экспозициясы төрінен орын алды.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді?
Сәуір айының 1-інен бастап елімізде заңнамалық, экономикалық және әлеуметтік салаларда бірқатар маңызды өзгеріс күшіне енеді. Бұл жаңашылдықтар коммуналдық тарифтерден бастап мемлекеттік қызметке қабылдау, қаржы нарығы, салық жүйесі және балалар қауіпсіздігіне дейінгі кең ауқымды қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.