Өнер • 18 Қараша, 2025
Дәстүр мен дизайнды үйлестірген
«Саусақ бірікпей, ине ілікпейді». Бұл – атадан балаға мирас болған қолөнердің алпыс екі тамырына қан жүгіртіп, заманға сай түрлендіре дамытып отырған Бекдайыр әулетінің берік ұстанымы. Бүгінде Қарасай ауданында тіршілік етіп отырған өнерлі отбасының есімі өңір жұртшылығына кеңінен таныс.
Бизнес • 18 Қараша, 2025
Шағын және орта бизнесті дамыту – еліміздің экономикалық қуатын арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартудың басты тетігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде іске асып келеді. Әсіресе өңірлік кәсіпкерлікті қолдау – жалпыұлттық экономиканың берік іргетасы. Осы орайда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бастамалар мен «Даму» қорының бағдарламалары талай іскер азаматтың арманын ақиқатқа айналдырды. Жаңа өндірістердің қанат жаюына мүмкіндік берді. Қарағанды облысы – соның айқын дәлелі.
Зерде • 18 Қараша, 2025
Қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарының бірі – қазақтан шыққан алғашқы кеңес офицерлерінің бірі Ахмет Малдыбаев. Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Тауағаш ауылында дүниеге келген. Арғы атасы Айбас, одан Құртай, Көбек, Байсүгір, Жансүгір, Бәйтерек, Қаржау деген алты ұл туады. Осындағы Көбектен Малдыбай мен Байсымақ туған. Малдыбай батыр тұлғалы, жаужүрек, өткір жан болыпты. Етті де сол кездегі қазақ салтымен мол жейді екен. Бір тайдың етін бір өзі тауысқаны сияқты аңыздар бар. Оның Баймағанбет, Құлмағанбет, Досжан және Мұқан деген балалары болған. Малдыбайдың Құлмағанбетінен Сәду, Сейтен, Молдақай және 1896 жылы Ахмет туады. Біз әңгіме еткелі отырған Ахметтің ата-тегі осындай.
Ғалам ғажаптары • 18 Қараша, 2025
Әлемдегі ең биік тау Гималайда болса да, ғарышқа ең жақын нүкте Эквадордағы Чимборасо шыңы.
Өшпес даңқ • 18 Қараша, 2025
Днепрде ерлік көрсеткен қаһарман
«Мен өзім – қырық жыл қырғында тірі қалған жандардың бірімін. Сол сұрапыл қырғын соғыста еліміздің талай саңлақ батырларының, ақылды ерлерінің қаза тапқанын қан майданда көзіммен көрдім», дейтін батыр Бауыржан Момышұлы атамның сөзі бар еді. Бүгін дәл сондай саңлақ ердің бірін айтқалы отырмыз.