Әлем • 15 Мамыр, 2026
Дональд Трамптың Бейжің сапары нені өзгертеді?
Бүгінде Дональд Трамп қайда жүрсе, әлем назары сонда ауып тұр. Онсыз да о бастан АҚШ президенттерінің саяси салмағы басқа державалардан бөлек екені жасырын емес. Саясаттан гөрі бизнеске деген икемі мен бейімі басым болса да Трамп кейінгі уақытта жаһандық геосаяси ахуалдың қызған ортасында жүр. Тіпті әлемдік БАҚ-тың назарынан түспейтін біраз тақырып Трамптың араға тоғыз жыл салып Қытайға барған сапарының тасасында қалып кетті. Көпшіліктің көкейінде бір ғана сұрақ: әлемдік экономикада бір-біріне басты бәсекелес қос держава көшбасшыларының кездесуі олардың елінен бұрын, әлемге не береді?
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Жасөспірімдер трагедиясы қоғамды ойландырып тұр
Жамбылдықтар кейінгі уақытта жасөпірімдер арасындағы трагедияға қатты алаңдайтын болды. Жергілікті атқарушы билік өкілдері мен құқық қорғау органдары жұмылған жұдырықтай бірлесе іске кіріссе де, араға айлар салып, жасөспірімдер арасында қайғылы оқиғаның тіркелуі тоқтамай тұр.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Қаһарманды кімдер тасада қалдырды?
Жұрт Жеңіс күнін жабыла тойлап жүргенде, даңқты батыр Бауыржан Момышұлы тұрған үйдің қабырғасындағы ескерткіш тақтаның аянышты халге түсуі тарихқа құрметпен қарайтын азаматтарды ашындырған еді. Тұрғын үй қабырғасына ілінген мемориалды тақта бірінші қабатта орналасқан коммерциялық нысанның тасасында елеусіз қалған. Дүкеннің қосалқы шатыры қалқалап қалған батыр бейнесі ұмыт бола бастаған ба?
Пікір • 14 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысының бұл шешімі – елімізді заманауи цифрлық мемлекет ретінде дамытуға және жасанды интеллект саласында жоғары құзыретті, бәсекеге қабілетті адам капиталын қалыптастыруға бағытталған стратегиялық саясаттың жалғасы.
Пікір • 14 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл – еліміздің білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін стратегиялық шешім. Жаңа құжат – әрбір оқушының сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған маңызды қадам.