Архив • 04 Қараша, 2025
Қазақ тарихында танымал спорт шебері ретінде аты қалған Мұстафа Өзтүріктің руханиятқа да жүрегі жақын болғаны шындық. Спорт саңлағының тіршілігінде көптеген қаламгермен, өнер адамдарымен бірге жүргені хақында да жиі естиміз. Соның айғағындай, бүгінгі жазбамызда біз М.Өзтүрікке тарту етілген кітаптардағы қолтаңбалар туралы айтпақпыз. Бұл деректерді Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Түркия төрінен арнайы жіберді.
Құқық • 04 Қараша, 2025
Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында «Халықтық заңгер» атты республикалық акция өтті. Бұл бастаманың мақсаты – заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және мемлекеттік әрі заңгерлік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Өнер • 04 Қараша, 2025
Жетісу облысында Бикен Римова атындағы драма театрда қазақ сахна өнеріндегі жұлдызды жұп – Қазақстанның халық әртісі Алмахан Кенжебекова мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кендебай Темірбайұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Өнерде – 50, өмірде – 75» атты шығармашылық кеші өтті. Кешке облыс әкімі Бейбіт Исабаев, сондай-ақ Тұңғышбай Жаманқұлов, Нұрқанат Жақыпбай, Дариға Тұранқұлова бастаған өнердегі әріптестері, зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер жұртшылық қатысты.
Еңбек • 04 Қараша, 2025
Бақытбек Қалдыбаевтың мектептегі ең сүйікті пәні – еңбек сабағы болыпты. Мүмкін мұғалімнің мықтылығы шығар, дәл осы сабаққа келгенде айналасының бәрін ұмытып, іске бар ынтасын салатын. Сондайда «шіркін, басқа пәнді азайтып, тек осы сабақты оқыта берсе ғой» деген бала қиялына қазір өзі күледі.
Театр • 04 Қараша, 2025
Екібастұзда қазақ театры ашылды
Кеншілер шаһарының руханияты үшін айтулы жаңалық десе жарасады. Жаңадан тұсауы кесілген «Ертіс-Баян» театры көрермен қауымның зердесін кеңейте түспекші.