Форум • 11 Қазан, 2025
Шикізатқа тәуелділіктен арылу – стратегиялық міндет
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Энергетика министрлігі Парламент Мәжілісімен бірлесіп Ақтау қаласында ұйымдастырған Мұнай-газ машина жасау форумында сөз сөйледі. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнестің, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының, салалық қауымдастықтар мен даму институттарының, сондай-ақ отандық және шетелдік мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Президент • 11 Қазан, 2025
ТМД елдерінің экономикалық өсімін қамтамасыз ететін тың мүмкіндіктер қарастыру маңызды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысып, сөз сөйледі.
Туризм • 11 Қазан, 2025
Елімізде тау туризмінің жұмысын жүйелеп, қарқынды дамыта алсақ, табыстың көзіне айналары анық. Ит тұмсығы өтпес қалың орманы мен шырышты өсімдігі көмкерген барқыт белдері мен жазиралы жондары, ақ қар басқан асқақ шыңдары демалыс аймағына сұранып-ақ тұр. Мұнда бір ғана кілтипан бар. Табыстың көзі екен деп табиғаттың флорасы мен фаунасын жөнсіз бүлдіруге жол берілмеуі керек.
Қоғам • 11 Қазан, 2025
Саланы дамытуда инфрақұрылымның маңызы зор
Туризм және спорт министрлігі Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен Mangystau International Tourism Forum халықаралық туризм форумын Ақтау қаласында ұйымдастырды. Өңірдің туристік, инвестициялық әлеуетін таныстыру, Орталық Азиядағы туризмді дамыту келешегін талқылау, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатындағы келелі кеңеске ТҮРКСОЙ, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ) сынды халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдар мен бизнестің өкілдері, инвесторлар, сарапшылар қатысты.
Спорт • 11 Қазан, 2025
22-26 қазан аралығында Чилидің астанасы – Сантьягода тректегі велоспорттан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Бұл бәсекеде Рамис Дінмұхаметов, Дмитрий Носков, Әлішер Жұмақан, Илья Карабутов, Кирилл Курдиди, Рамазан Мұхтар және Данияр Шаяхметов сынды жерлестеріміз өнер көрсетеді.