Алматы • 07 Қазан, 2025
Алматы – әлемдік қолөнер қаласы
Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің шешімімен Алматы шаһарына «World Craft City» – әлемдік қолөнер қаласы мәртебесі берілді. Бұл мәртебе күні кеше ғана Алатау етегіндегі әсем шаһарда басталған «ALA CRAFT 2025» халықаралық фестивалінде салтанатты түрде жария етілді. Ауқымды іс-шараға бізден басқа, Азия, Еуропа, Аустралия, АҚШ елдерінен келген 100-ден астам шебер қатысты.
Шахмат • 07 Қазан, 2025
Алматыда шахматтан жасөспірімдер (U-8, U-12) арасында өткен әлем біріншілігінде еліміздің құрамасы толағай табысқа қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
Ғалам ғажаптары • 07 Қазан, 2025
Нобель сыйлығының пародияланған нұсқасы Шнобель сыйлығы туралы білесіз бе? Бұл марапатты иеленудің шарты біреу-ақ. Яғни адам ойына кірмейтін таңғажайып әрі күлкілі жаңалық ойлап табуыңыз керек.
Спорт • 07 Қазан, 2025
Перу астанасы Лимада дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Үш күнге созылатын бәсеке барысында 14 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Жарыста еліміздің 18 балуаны өнер көрсетеді.
Тағзым • 07 Қазан, 2025
Астананың күзі кейде Есенғали Раушановтың жырларына ұқсап кетеді. Селеудей сарғайып көріседі де, қаулаған оттай күреңітіп, жалқыны талаурап, сөнбей жатып алады. «Жаңа жыл күзден басталу керек меніңше» деген ақын неге бұлай жырлағаны сонда байқалатындай. Шайырды еске алуға арналған «Ұшты менің құстарым бұлттан әрі» атты поэтикалық кеш К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтіп, қазақ әдебиетінің классигі туралы бірсыпыра естелік айтылып, өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.