Көрме • 03 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік орталық музейде қазақ бейнелеу өнерінің дара тұлғасы, көрнекті суретші Молдахмет Кенбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Жарқын бояулар шебері» атты көркемөнер көрмесі есік ашты.
Театр • 03 Қыркүйек, 2025
Өмірін қазақ сахнасы мен киносына арнаған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті актер Айдос Жұмаділдәұлы Бектемір шеберлік шыңына қалай көтерілгеніне зер салсақ, сахнаның өзегіндегі асау рух, сырлы сөз, шынайы бейнелердің қалай туғанын тереңірек ұғынамыз.
Сұхбат • 03 Қыркүйек, 2025
Серік АҚШОЛАҚОВ: Нейрохирургияның инновациялық өрісі кеңейіп келеді
Ұлттық нейрохирургия орталығы әлемдегі таңдаулы медициналық ұжымдардың алдыңғы легінде аталады. Себебі мұнда жыл сайын 5000-нан астам операция жасалып, сырқатына шипа іздеген жандардың жүрегіне шуақ сыйлайды. Мақтанышпен айтар жайт, елімізде алғаш рет нейрохирургияның ілкімді бағыты саналатын микронейрохирургия, эндоваскулярлық, эндоскопиялық және функционалдық нейрохирургия салалары да өріс алды. Осыдан 20 жыл бұрын жерлестеріміз шетелдің алдыңғы қатарлы нейрохирургиялық орталықтарында операция жасатса, бүгінде дамыған елдердің де азаматтары Астанаға ат байлап, сырқатына шипа табады. Ұлттық нейрохирургия орталығында 17 жыл ішінде 70 мыңнан астам науқасқа ем жүргізіліп, 50 мыңнан астам операция жасалған. Қазақстанның Еңбек Ері, Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақовпен дидарласып, ол жетекшілік ететін іргелі ұжымның тыныс-тіршілігі, даму үдерісі туралы әңгіме өрбітудің орайы туды.
Тұлға • 03 Қыркүйек, 2025
«Қоңыр-қоңыр күй тыңдап ем жасымда…»
Албырт шағынан өзгеге ұқсамайтын кестелі поэзиясымен танылған жыр жампозының бірі – Жұмекен Нәжімеденов. Ақынның кіндік қаны тамған жеріне арнаған өлеңдерінен сағынышы мен қоңыр мұңы аңғарылады. Бұған атасы Нәжімеден қарттың тәлімді тәрбиесін көп көргені, бәлкім, өнегеге толы әңгімесін көп тыңдағаны әсер еткен шығар.
Ғалам ғажаптары • 03 Қыркүйек, 2025
Қытайдың Хуацзян каньонында әлемдегі ең алып көпір салынып жатыр. Құрылыс қыркүйек айының соңында аяқталады деп жоспарланған.