Еңбек • 28 Тамыз, 2025
Темір ауданы Жақсымай ауылдық округі бұрынғы мұнайшылар ауылы. 1950 жылдары мұнай өндіру мекемесі ашылғанда Шұбарқұдық кәсіпшілігіне жан-жақтан мұнайшылар келген. Аудан орталығымен арасы жеті шақырым ғана. Бұл жерде мұнайшылар әулетінің бірнеше ұрпағы өніп-өскен. Солардың бірі – Чирковтар әулеті.
Жәдігер • 28 Тамыз, 2025
Ұлт тарихының бір тармағы – Мысыр және Шам жерінде 132 жыл билік құрған қыпшақ мәмлүктері. Осылардың бірі – атақты Қалауын сұлтан. Бұл кісі 11 жыл 3 ай тақ иесі атаған. Марқұмның Құран аяттарымен безендірілген дулығасы Бельгияның Өнер және тарих мұражайында сақтаулы тұр.
Театр • 28 Тамыз, 2025
«Астана Балет» театрының ХІІІ маусымының шымылдығы «Бейбарыс сұлтан» спектаклімен ашылады. Тарихи-драмалық шығарманы тамашалаған көрермен көркем хореография өрнегі, музыка мен өткен дәуір атмосферасы үйлесім тапқан туындыға куә болады.
Ата заң • 27 Тамыз, 2025
Конституциялық сот – құқық қорғаудың қосымша құралы
Биыл Бас редакторлар клубы мен Конституциялық сот арасында ынтымақтастықты күшейтуге арналған меморандумға қол қойылған еді. Осы келісімнің аясында бұқаралық ақпарат құралдарына құқық тақырыбында семинарлар өткізу жоспарланған. Соның аясында Конституциялық сот өкілдері бұған дейін «Qazqontent» АҚ-да, «Qazaqstan» телерадиокорпорациясында кездесу өткізсе, бүгін «Қазақ газеттері» медиахолдингінде журналистермен жүздесті. Жиын барысында соттың құзыреті, азаматтарға берілген жаңа мүмкіндіктер және өтініштерді қарау тәртібі талқыланды. Серіктестік директорының орынбасары Қамбар Ахмет кездесуге модераторлық етті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 27 Тамыз, 2025
Жылыту маусымына дайындық пысықталды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды. Сондай-ақ отырыста алдағы жылыту маусымына дайындық жұмысы пысықталды.