Саясат • 23 Қаңтар, 2026
Еуропа саяси реформаларымызды жоғары бағалады
Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) «Қазақстанның демократиялық реформаларын және өңірлік көшбасшылығын қолдау» (Support for Kazakhstan’s Democratic Reforms and Regional Leadership) атты жазбаша декларация қабылдады.
Білім • 23 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» жобасы өткен жылдың соңына таман Маңғыстау өңірінде өз мәресіне жетті. Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 11 мыңнан астам оқушыға арналған 12 мектеп пайдалануға берілген болса, жыл соңында өңірде жоба аясында жоспарланған барлық 13 мектеп толық іске қосылды.
Пікір • 22 Қаңтар, 2026
Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі елдің дамуына қатысты маңызды бағдарларды айқындап берді. Соның ішінде Президенттің Абай іліміне, патриотизм мен жаңа дәуір талаптарына бейімделу мәселелеріне терең тоқталуы бүгінгі білім беру жүйесі үшін аса өзекті деп санаймын.
Саясат • 22 Қаңтар, 2026
Бейбітшілік кеңесі БҰҰ-ға балама құрылымға айналуы мүмкін бе?
Швейцарияның Давос қаласында өткен рәсімде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Құжатқа қол қою салтанатына 18 елдің басшылары мен ресми өкілдері қатысты. Бұл оқиға халықаралық саясаттағы жаңа құрылымның пайда болғанын аңғартты, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 22 Қаңтар, 2026
Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?
Лев Толстой өз дәуіріндегі дыбыссыз кинематографияның алғашқы қадамдарына зор қызығушылық танытып, оны «мықты мылқау» деп атаған. Әсілінде, күндердің күні дәл осы «мықты мылқауға» тіл бітіп, өнердің өрісін кеңейтетін әлеуеті барын болжаса керек сұңғыла жазушы. Бірақ бүгінгі гәп ол туралы емес. Толстой айтқан «мылқау» кино уақыт өте тіл қатқанымен, бүгінгі таңда оның кейбір туындылары көрермен назарына жете алмай қайтадан іштей тынып жатқанға ұқсайды. Сөз әлемдік кинофестивальдерде жүлде алып, сыншылардың жоғары бағасына ие болған фильмдердің отандық кинотеатрлардан көрсетілмеуі хақында. Сонымен мәселенің мәніне үңілу үшін, кино мен көрермен арасындағы бірнеше кедергіні зерделеп көрдік.