Қоғам • 23 Шілде, 2025
Айгүл Забирова: Еңбек ескерусіз қалмауы тиіс
Қазақ қоғамында әділеттілік – жай ұран емес, өмірлік маңызға ие ұстаным. Адамдардың мемлекетке және бір-біріне сенімі осы құндылықпен өлшенеді. Әділ еңбек, тең мүмкіндік, жалпыға ортақ құқық – мұның бәрі әділетті қоғамның тірегі. Осы ұғымның бүгінгі қоғамда қалай қабылданып жатқанын, әлеуметтік құрылым өзгерген сайын әділет туралы түсінігіміздің де қалай түрленіп жатқанын әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова сараптап жазады.
Мәселе • 23 Шілде, 2025
Шахтадағы апатты азайтудың амалы
Ұлытаудағы «Жомарт» кенішінде биыл болған апат елдегі тау-кен саласындағы қауіпсіздік мәдениеті мен бақылау жүйелерінің сын көтермейтінін тағы бір мәрте айғақтады. Сарапшылардың айтуынша, көптеген шахта мен кеніште желдету жүйелері ескірген; газ және өрт дабыл қондырғылары жеткіліксіз; қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту формальды түрде өтеді; бақылау мен алдын алу тетіктері әлсіз.
Салық • 23 Шілде, 2025
Салық кодексі: жеңілдік те, жүктеме де бар
2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі қоғамның барлық жігіне әсер етеді. Оның ең басты жаңалығы – салықтық әкімшілендіруді жеңілдету арқылы кәсіпкерге түсетін салмақты азайту әрі көлеңкелі экономиканы қысқарту. Мемлекет бизнеске сенім артып, бақылаудан түсіндіруге, жазалаудан ынталандыруға көшпек.
Digital • 23 Шілде, 2025
Енді Ұлттық ұлан қызметкерлері eGov.kz порталы арқылы жұмыс орнынан анықтаманы онлайн түрде ала алады. Жаңа цифрлық қызмет небәрі бірнеше минут ішінде ресми құжатты рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл шешім анықтама алу рәсімін айтарлықтай жеңілдетіп, уақытты үнемдейді. Енді Ұлттық ұлан қызметкерлері eGov.kz порталы арқылы жұмыс орнынан анықтаманы онлайн түрде ала алады. Жаңа цифрлық қызмет небәрі бірнеше минут ішінде ресми құжатты рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл шешім анықтама алу рәсімін айтарлықтай жеңілдетіп, уақытты үнемдейді.
Digital • 23 Шілде, 2025
Математика майталмандары бас қосты
Nazarbayev University-де халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға — Талдау, қолданбалар және есептеулер жөніндегі халықаралық конгресс (ISAAC-2025) өтіп жатыр. Аталған іс-шара Орталық Азияда бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл — әлемнің түкпір-түкпірінен математиктерді жинайтын ең ірі ғылыми басқосулардың бірі және Қазақстанның ғылыми беделін жаһандық деңгейде көтеруге ықпал ететін айтулы жиын.