Жасанды интеллект • 23 Шілде, 2025
ЖИ дәуірінде қандай мамандықтар жойылады?
Жасанды зерденің өмірімізге жаппай енуі – технология дамуындағы тағы бір қадам ғана емес, еңбек нарығындағы жаңа дәуір. Қазір автоматтандыруға бейім кәсіптер тізімі күткендегімізден де жылдам кеңейіп барады. Көптеген сала жаңа келбетке ие болып жатқанда адам үшін ең оңтайлысы – машиналармен өзара әрекеттесіп, олардың мүмкіндіктерін өз дағдыларымен толықтыру болмақ.
Шымкент • 23 Шілде, 2025
Жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен Шымкентте жаңа 3 өндіріс орны ашылды. Оның алғашқысы – «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «BIK Kanc» ЖШС. Серіктестік А4 және А3 пішіндегі қағаздар өндіреді. Өндірістік қуаты жылына 2 млн 880 мың дана қорапты құрайды. Компания биыл жобаның бірінші кезеңін іске қосты. Оның құны – 500 млн теңге.
Аймақтар • 23 Шілде, 2025
Жұрт көңілінен шыққан жобалар жолы неге ауыр?
Павлодарда 2020 жылдан бері «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде 322 өтінім мақұлданған. Алайда олардың үштен бірі жүзеге аспапты. Азаматтар көп жағдайда балалардың спорт ойын алаңын салып беруді, ауланы абаттандыруды, дыбыстағыш бағдаршамдарды орнатуды сұрайды. Бірақ көбі бірізді, креативті тәсілдер жоққа тән. Мысалы, биыл Назарбаев даңғылы бойындағы үйлерге жарық жүйесін орнату, Максим Горький көшесіндегі үйлер арасына тротуар төсеу, Малайсары батыр көшесіндегі үйлердің сыртында көлік тұрағын жасау жобалары мақұлданған. Былай қарағанда, «Халық қатысатын бюджет» жобасынан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар арқылы аулаларды асфальттауға, тротуар төсеуге, жарықтандыруға, балалар және спорт алаңдарын салуға онсыз да қаражат бөлініп жатыр.
Шымкент • 23 Шілде, 2025
Мегаполистің бүгінгі индустриялық мүмкіндігі
Қалалық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, бүгінде Шымкентте жалпы аумағы 1 276 гектарды құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Ол жерде 670,1 млрд теңге сомасында 427 жоба іске асырылып жатыр. Осы күнге дейін 323,9 млрд теңгені құрайтын 304 жоба аяқталып, 9 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды.
Заң мен Тәртіп • 23 Шілде, 2025
Конституциялық бақылау жүйесіндегі өзгерістер
Биыл тәуелсіз еліміздің Ата заңы қабылданғанына 30 жыл толады. Конституциямыз осы отыз жыл бедерінде түрлі сыннан сүрінбей өтіп, ел тағдырын айқындап, мемлекеттілігімізді бекемдеп, кемелденген қоғамның темірқазығына айнала білді. Біз бүгін заң үстемдігін арқау еткен Әділетті Қазақстан құру мақсатында саяси реформалар жасап жатырмыз. Бұл орайда Конституциялық бақылау жүйесінде қандай өзгерістер бар?