Руханият • 16 Шілде, 2025
Тұлға белесі: даярлық туралы ой-толғам
Міржақыптың мерейтойы жақындаған сайын осы айтулы кезеңге дайындық барысы әртүрлі деңгейде пысықталып, елдік сынның, ұлттық пайымның талаптары жіті сараланып, атқарылатын іс-шаралар барысы пысықталып жатқаны орынды. Бұрын алыстан естілетін той дүбірі күн өткен сайын нақ іргеге тақап қалғаны сезіліп, тіптен қамшы бастыра түсетіндей.
Руханият • 16 Шілде, 2025
Мерейтой бағдарламасы мәлім болды
Ұлы ойшыл, ағартушы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы – халқымыздың рухани болмысын ұлықтайтын, ел бірлігін бекемдейтін тарихи оқиға. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес аймақта айтулы іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге арналған мерейтой бағдарламасы белгілі болды.
Медицина • 16 Шілде, 2025
Кейінгі уақытта тараздық дәрігерлер күрделі операцияны жиі жасап жүр. Бұл жолы Тараз қалалық көпбейінді аурухана мен консультациялық-диагностикалық орталықтың білікті дәрігерлері мидың самай бөлігіндегі көлемді ісікті алу үшін тәуекелге бел буды. Науқастың жағдайын жан-жақты зерделеген ақ халатты абзал жандар жедел іске кіріскен.
Медицина • 16 Шілде, 2025
«Медициналық сақтандыру жүйелі болуға тиіс»
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) енгізілгелі халықтың медицина қызметіне қояр талабы жоғарылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Денсаулық сақтау министрлігі кейінгі бес жылда салаға бірқатар өзгеріс енгізді. Соның кейінгісі әрі ауқымдысы цифрландыруға, Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені енгізуге қатысты болды. Бірер күн бұрын Президент МӘМС жүйесін жетілдіретін, медицина қызметінің сапасын тағы да жақсарта түсетін заңға қол қойды. Осы өзгерістердің жөн-жобасын, саладағы басқа да жаңашылдықтардың ретін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал ӘЛНАЗАРОВАМЕН сұхбаттасқанда көңілге түйдік.
Аймақтар • 16 Шілде, 2025
Ауыл тұрғындарын барынша қолдау қажет
Ауылда жұмыс орындарын көптеп ашқан жөн. Өңір халқымен кездесіп, әлеуметтік нысандарды аралап жүрген сенаторлар осылай деді.