Экономика • 16 Шілде, 2025
Экономикалық өсім – тұрақты дамуға негіз
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылу нәтижесі қаралды. Артынша баспасөз маслихаты өтіп, Премьер-министр мен орынбасарлары қоғамда қозғалып жүрген мәселелерге қатысты тілшілер сұрақтарына жауап берді.
Заң • 16 Шілде, 2025
Киберқылмысты жүгендей аламыз ба?
Қазір интернеттегі алаяқтардан зардап шеккен жұрттың қарасы қалың. Кейінгі 5 жылда мұндай құқықбұзушылық әрекеттердің саны 1,5 есеге өскен. Әсіресе өзге біреудің жеке мәліметтерін пайдалана отырып несие алу фактілерінің көбейгеніне депутаттар алаңдаушылық білдірді. Өйткені алаяқтық әрекеттер құрбандарының несие тарихы бұзылып, олар кінәсіздігін дәлелдеу үшін сотқа жүгініп әлек.
Заң • 16 Шілде, 2025
Сот төрелігінің тиімділігін арттыру міндеті
1 шілдеден бастап елімізде үш жаңа кассациялық сот жұмыс істей бастады. Бұл маңызды қадам сот жүйесі дамуындағы жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді және мемлекетіміздің сот төрелігін жүзеге асырудағы жоғары стандарттарға ұмтылысын көрсетеді. Реформа Мемлекет басшысының отандық бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысында берген тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып, сот төрелігіне толық қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағымдану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Руханият • 16 Шілде, 2025
Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қорының» КеАҚ ұйымдастыруымен шетелде тұратын этностық қазақ балаларына арналған «Jas Qazaq» жазғы танымдық этно-лагері жұмысын бастады. Бесінші мәрте жүзеге асып жатқан бұл жобаға бұған дейін 700 бала қатысқан. Ол жеткіншектердің өзі – өнер, білім, спорт бағыты бойынша іріктелген «сен тұр, мен атайын» деген кіл мықтылар. Атажұртты бетке алған балалардың көңіл күйін, әсер-сезімін білмекке Бурабайдағы «IQanat High School of Burabay» базасына біз де арнайы бардық.
Білім • 16 Шілде, 2025
Өткен аптада негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) тәмамдалды. Қорытынды қалай? Негізгі тестілеудің маңызы сол, талапкерлер осының нәтижесімен грант конкурсында бақ сынай алады. Ал байқау қашан?