Туризм • 15 Шілде, 2025
Жыл басынан бері елімізде шетел әншілерінің қатысуымен 270-тен астам концерт өткен екен. Қонақтарды тартудың бұл бағыты «оқиғалы туризм» деп аталады. Себебі танымал шетел жұлдыздары өнер көрсететін концертке еліміздің әр аймағынан, сондай-ақ көршілес елдерден де көрермен көптеп келетіні белгілі.
Қоғам • 15 Шілде, 2025
Кәсіподақ жұмысшы құқын қорғайды
Астанада Кәсіподақтар федерациясының XXVII съезі өтті. Онда еліміздегі кәсіподақтардың 2030 жылға дейінгі қызмет стратегиясы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдау туралы саяси қарар қабылданды.
Ғылым • 15 Шілде, 2025
Селен өндірісіндегі серпінді жаңалық
Ғылым – ұлттың интеллектуалдық капиталы мен технологиялық тәуелсіздігінің өзегі. XXI ғасырдағы бәсекелестік ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың беріктігіне тікелей тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан ғылымының нақты экономикалық сұранысқа жауап беретін кезеңге қадам басқаны қуантады. Бұл үрдіске айқын мысал ретінде 2025 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған Металлургия және кен байыту институты ғалымдарының «Кондициялық емес түсті металлургия шикізатынан жоғары сапалы селен алудың экологиялық қауіпсіз вакуум-термиялық технологиясын әзірлеу және оның өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру» атты ғылыми жобасын атауға болады.
Ғылым • 15 Шілде, 2025
Атом энергиясы туралы іргелі жұмыс
Бүгінде еліміз энергетика, ғылым және денсаулық сақтау саласындағы ауқымды өзгерістердің алдында тұрғанда Ядролық физика институтының (ЯФИ) еңбегі ерекше маңызға ие. Осы ұжымның бір топ ғалымы атом энергетикасын пайдалану мен зерттеуге байланысты кешенді зерттеу жұмысын аяқтап, ғылыми қауымдастықтан жоғары баға алып отыр.
Ғылым • 15 Шілде, 2025
Отандық геология ғылымын тілге тиек еткенде, геологтердің ғылыми мектебінің негізін қалаған ғалым, Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың есімі бірден ойымызға оралады. Қаныш Имантайұлының зерттеу еңбектерінен бастау алатын қазақ геологиясына қызмет еткен ғалымдардың ғылыми жаңалықтары геофизика, геохимия салаларында үздік зерттеу нәтижелеріне қол жеткізді.