Әдебиет • 15 Шілде, 2025
Бүгінде М.Әуезов пен М.Мырзахметұлының зерттеулері арқылы Абай шығармаларындағы Толық адам туралы ой желілерін біршама білгірлікпен байыптай алатын халге жеттік. Алайда мұның терең төркіні мен желілі жүйесін, хакім қалыптаған болмысын жете танымай, науқаншылдықпен насихаттаушылық та бар. Толық адам ілімі – Абайдың өзіне дейінгі адамгершілік іліміне сүйене жүріп, заманының да талабынан туындатып, өзі жырлап, өзі қалыптап жасаған төл танымы.
Мәселе • 15 Шілде, 2025
Халқымыз киелі түз жануары санайтын киік мәселесі күн тәртібінен түспей келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Оған бір себеп – құмырсқадай қаптаған ақбөкен тапап өтіп, малға жайылым қалдырмаған шаруалардың жанайқайы. Әсіресе Жайық өңіріндегі тіршілігі төрт түлікке қараған ағайын алдағы уақытта тігерге тұяғы қалмай ма деп қауіптеніп, билік басындағы азаматтардан араша сұрауға мәжбүр болған.
Экология • 15 Шілде, 2025
Табиғатқа тағылық тоқтамай тұр
Атырау тұрғындарын алаңдататып отырған түйткілдің бірі – атмосфералық ауаның ластануы. Жұтар ауасы жұпар емес өңірдің экологиясы әлі жақсарар емес. Табиғаттың тазалығына тағылық жасау әрекетінің көкейкесті мәселеге айналғанына бірнеше жылдың жүзі ауды.
Әдебиет • 15 Шілде, 2025
Мұхиттың арғы жағынан қазақ қауымын елең еткізер жақсы хабар келді. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қазақ ақыны Нұрлан Оразалиннің «Көкжал дәуір» атты таңдамалы жыр кітабы Америка Құрама Штаттарында ағылшын тілінде жарық көріпті. Қуанышты хабарды жеткізген – Қазақ Пен-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин.
Қоғам • 15 Шілде, 2025
Ауылдың ақ топырағына аунап өсіп, есейе келе арман-мақсатын үлкен қаладан іздемей-ақ, жанына жақын өңірдің жанашырына айналып кететін ақеден жандар болады. Ондай азаматтар туған топырақтың қыр-сырын жақсы біледі, қадір-қасиетін жүрегімен сезіне алады һәм жұртшылықпен біте қайнасып кетеді. Өз басым Орынбасар Бәйімбетовті сондай жандардың бірі санаушы едім. Бұл күнде арамызда жоқ асыл азаматпен соңғы рет Астанада, қарындасы Әшіркүл апай мен Бимен ағаның кіші ұлы Мұраттың шаңырағында жүздескенім есте. Қай кезде де өте ширақ, ықшам, көңілді жүретін. Осы жолы жүзі сынық, кішкене шаршаулы көрінді. «Денсаулық мазалап жүргені» деді. Бірақ мені көрген бетте жүзіне әлдебір шырайлы сәуле кіріп, «жазушылармен салқын сөйлесуге болмайды» дегенді айтып, ара-тұра нағашы-жиендік әзіл аралас әңгімелер өрбіді.