Қазақстан • 18 Наурыз, 2026
ЕАЭО елдерінің 100 мыңнан астам азаматына зейнетақы жарнасы төленді
Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) арқылы ЕАЭО елдерінде еңбек өтілі жинақталған 100 мыңнан астам азамат үшін жарналар аударылды. Бұл қадам Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (ЕАЭО-ға мүше елдер – Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы, Қырғызстан және Қазақстан) азаматтарына тең жағдай мен бірдей тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады
Президент сауда саласының қазіргі жай-күйі мен алдағы даму бағыттары туралы есепті тыңдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Қазақстанда жеке тұлғалардың айыппұлы кешірілуі мүмкін
Елімізде алғаш рет әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасалады. Бұл туралы кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында айтты. Ал бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ішкі істер және Әділет министрліктеріне Бас прокуратурамен бірлесіп, екі апта ішінде рақымшылық жасау тетіктері бойынша егжей-тегжейлі ұсыныс енгізуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Наурыз, 2026
Елімізде мемлекеттік қызмет моделі қалай өзгермек?
Мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртуға бағытталған заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды. Құжат мемлекеттік аппаратты кәсібилендіріп, азаматтарға бағдарланған тиімді қызмет моделін қалыптастыруды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2026
Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты өтіп жатыр
Түркістан қаласындағы жаңадан салынған атшабарда өтіп жатқан көкпардан әлем чемпионатына 9 елдің командалары қатысып жатыр. Атап айтқанда, Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан құрамалары жүлде жолында бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.