Тарих • 19 Мамыр, 2026
Қазақстанда алғаш рет Алтын Ордаға қатысты халықаралық архив құжаттары ұсынылды
Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум аясында көрме ұйымдастырылды. Көрме XIII-XV ғасырларда Еуразия кеңістігінде қалыптасқан Алтын Орда мемлекетінің тарихи-мәдени болмысын Қазақстан аумағынан табылған археологиялық жәдігерлер, қолжазба кітаптар және архив материалдары негізінде таныстыруға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Мамыр, 2026
ҰБТ жүйесі қашан және қалай өзгереді?
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын. Министрдің айтуынша талапкерлердің тек пәндік білімін ғана емес, сыни ойлау, коммуникация және цифрлық сауаттылық секілді дағдыларын бағалайтын жаңа формат енгізілуі мүмкін. Осыған орай Egemen.kz тілшісі аталған министрлікке «ҰБТ жүйесіне өзгерістер қашаннан бастап енгізіледі, тест құрылымы сақтала ма әлде түбегейлі жаңара ма?» деген сауал жолдаған болатын.
Әдебиет • 19 Мамыр, 2026
Мұхтар Әуезовтің 1950 жылы тоғызқұмалақ ойнап отырған суреті табылды
Қазақ руханияты үшін аса құнды тарихи дерек – 1950 жылы түсірілген Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған фотосуреті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Президент: Теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады
Бүгін Астанада өтіп жатқан симпозиумдағы сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы көптеген беделді ғалымдардың пікірінше, қазір Алтын Орданың ақша жүйесінде мән-маңызы айрықша жаңалықтар ашылып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Жошы ұлысының мемлекеттік басқару жүйесін мұқият зерделеу қажет
«Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумында Президент Жошы ұлысының мемлекеттік басқару жүйесін мұқият зерделеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.