Қоғам • 18 Мамыр, 2026
Туу көрсеткішінің төмендеуіне смартфондардың қатысы бар ма?
Financial Times жариялаған зерттеу смартфондардың кең таралуы мен әлемдегі туу көрсеткішінің төмендеуі арасында байланыс бар екенін көрсетті. Цинциннати университетінің ғалымдары 4G желісі ерте іске қосылған аймақтарда жастар арасындағы туу деңгейі аз уақытта құлдырап кеткенін анықтаған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2026
Шығыс Қазақстан облысында пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды
ШҚО-ның Катонқарағай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізу барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдалану фактілерін анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Мамыр, 2026
Үш айда 135 млрд теңге алынған: Елімізде қаржысын баспанаға жұмсайтындар көбейген
2026 жылы ел тұрғындары зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға көптеп пайдалана бастаған. Үш ай ішінде осы мақсатта БЖЗҚ-дан шамамен 135 млрд теңге шешіп алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Мамыр, 2026
Африкада төтенше жағдай: Эбола індетінен қаза тапқандар саны 88-ге жетті
Африкада Эбола індеті қайта өршіді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, Эбола вирусы шекарадан асып, көрші елдерге тарала бастаған. Уганда астанасы Кампалада жұма және сенбі күндері бір-бірімен байланысы жоқ екі зертханалық расталған жағдай тіркелген, олардың біреуі өліммен аяқталған. Бұл науқастар Конго Демократиялық Республикасынан келген адамдардан анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 18 Мамыр, 2026
Емханаға тіркелу ережесі жаңарады: Министрлік жаңа жоба ұсынды
Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы медициналық-санитарлық көмек (ПМСП) ұйымдарына азаматтарды тіркеу тәртібіне өзгерістер енгізуді көздеп отыр. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 22 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған, деп хабарлайды Egemen.kz.