Елорда • 18 Наурыз, 2024
Елордалық құтқарушыларға пәтер кілті табысталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен азаматтық қорғау жүйесінің әскери қызметшілерін, өрт сөндірушілерін, құтқарушыларын әлеуметтік қорғауды жақсарту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Елорда әкімдігінде салтанатты жағдайда Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, қала әкімі Жеңіс Қасымбек елордалық құтқарушыларға он бес қызметтік пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Ақпан, 2024
Құтқарушылар жедел жәрдем бригадасына көмекке келді
Құтқарушылар жедел жәрдем бригадасына көмек көрсетті, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 22 Ақпан, 2024
Құтқарушылар шетелдіктерге көмектесті
Қостанай құтқарушылары боранды күні автобус бұзылып, жолда қалған шетелдіктерді эвакуациялады, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушы • 21 Ақпан, 2024
Суға батқан баланы аман алып қалған құтқарушылар марапатталды
Алматыда 18 ақпан күні бала өмірін судан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен лейтенант Абиров Серік марапатталды. Подполковник Қасенов Талғат пен майор Ілияс Серік ҚР ТЖМ Алғыс хатын алды. Министр атынан марапатты Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы полковник Нұрлан Атығаев табыстап, алғыс білдірді. Сондай-ақ баланың әкесі ТЖД-ға арнайы келіп, құтқарушыларға отбасының атынан алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Ақпан, 2024
«Құтқарушылар үшін қауіпті». «Майқайыңалтын» кенішінде іздеу жұмысы тоқтатылды
3 ақпан күні «Майқайыңалтын» кенішінде автобус құлап кеткен ойықта терең шұңқыр пайда болғаны хабарланған еді. Мамандар шұңқырды зерттеу нәтижесінде, ойықта жұмыс істеу құтқарушылардың өміріне қауіп төндіретінін анықтады, деп жазады Egemen.kz.