Қоғам • 26 Ақпан, 2024

Құтқарушылар жедел жәрдем бригадасына көмекке келді

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құтқарушылар жедел жәрдем бригадасына көмек көрсетті, деп жазады Egemen.kz  Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.

 

Құтқарушылар жедел жәрдем бригадасына көмекке келді

Фото: qr_tjm

«25 ақпан күні түнгі  сағат 22:15-те Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментіне  Түлкібас ауданы, Машат  ауылдық округі  мен  Мыңбай ауылының арасындағы жолда қар құрсауында қалған жедел жәрдем көлігін құтқаруға көмек көрсету қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жеткеннен кейін жедел жәрдем көлігі қар құрсауынан тазартылған аумаққа сүйретіліп, жедел жәрдем қызметкерлері Вахтовка техникасымен, шақырту орнына жеткізілді», деп жазылған хабарламада.