Видео • 13 Шілде, 2020
Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні
2020 жылдың 13 шілдесіне белгіленген Жалпыұлттық аза тұту күнінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.
Видео • 12 Шілде, 2020
ІІМ: Қазақстанда түсірілді деп жалған бейнежазбалар таралуда
Ішкі істер министрлігі “Қазақстан аумағында ұшақ пен тікұшақтардың көмегімен вирустық және биохимиялық оқ-дәрі шашу туралы” ақпаратты ресми түрде жоққа шығарғанына қарамастан, кейбіреулер азаматтарды адастыру әрекетін жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Медицина • 03 Шілде, 2020
Қостанайдағы провизорлық стационар дәрігерлері жұмысқа шығудан бас тартты
Бүгін Қостанай облысында індет жұқтыру жағдайы бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жетіп, бір күнде бірден 48 науқастан Covid-19 анықталды. Күн санап асқынып бара жатқан күрделі аһуалға қарамастан, бір-екі күн бұрын уақытша провизорлық стационар қызметіне көшкен қалалық аурухананың бірнеше дәрігері жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Басты себеп – аса қауіпті аймақ саналатын провизорлық стационардағы қарапайым санитарлық талаптардың сақталмауы.
Кино • 02 Шілде, 2020
Каспий теңізі туралы фильм Discovery Channel арнасынан көрсетіледі
Discovery Channel телеарнасынан Каспий теңізі туралы документалды фильм көрсетіледі. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жазды.
Әлем • 02 Шілде, 2020
Бүгін Apple компаниясы тағы 30 дүкенін жабады
Apple компаниясы бірнеше штаттағы аурулар санының күрт өсуіне байланысты АҚШ-тағы 30-дан астам дүкенді қайта жабады, нәтижесінде жабық дүкендердің жалпы саны 77-ге дейін артады. Бұл туралы Bloomberg хабарлады, - деп жазады Egemen.kz