Қоғам • 17 Қаңтар, 2014
Патриотизм – қазіргі заманғы Отан қорғаушының рухани өзегі
Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Міне, осы басымдықты Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясында негізгі деп айқындады. Ол Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының, елімізде әзірленіп жатқан жаңа заңның бастапқы негізі болды.