17 Қаңтар, 2014

«Корнлебеннен» көмек көп

225 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Облыс орталығында тәулігі­не 7 тонна нан-тоқаш өнімде­рін шығаратын кәсіпорын «Корн­ле­бен» серіктестігіне қарайды. Жуырда пайдалануға берілген кәсіпорынның құрылымы мен жарақтандырылуына кәсіпкер Николай Миллердің айтуынша, 82 миллион теңге инвестиция салыныпты. Жаңа кәсіпорында 40 адам жұмыс жасайды. Орташа жалақы мөлшері – 65 мың теңге. Біздің міндетіміз – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу. Бизнеске қолдау көрсетілуде. Енді халықты сапалы нан өнімдерімен қамтамасыз етіп, алдағы уақытта сыртқы нарыққа шығу, дейді жаңа кәсіпорынды іске қосқан ауыл мен қаладағы қос серіктестік иесі кәсіпкер Николай Миллер. Құрылғылар мен құрал-жабдықтар Германиядан сатып алынған.

Жалпы, неміс тілінен аудар­ған­да «Корнлебен» «алтын дән» деген мағынаны білдіреді екен. Николай Миллердің айтуынша, кәсіпорын 2002 жылы диірмен кешені ретінде ашылыпты. Макарон өнімдерін шы­ға­ратын цех іске қосылыпты. Енді, міне, жаңа наубайхана да іске қосылды. Алқапта жиналған бидайды қалаға «Корнлебен» кәсіпорнына жеткізеді. Яғни, ауылдағы серіктестіктің енді қа­лада өз өнімдерін өндіретін кәсіпорындары бар, астықты қайда өткіземіз деп бас қатырмайды. Кәсіпорында бірінші және жоғары сұрыпты ұн, макаронның 15 түрі, нан-тоқаш өнімдерінің 12 түрі дайындалады. Нан-тоқаштары облыстан бөлек, еліміздің өзге де өңірлеріне жеткізіледі. Ша­руашылық иесі болашақта «Корн­лебеннің» өнімдерін алыс-жақын шетелдерге экспорттау жоспарда барын айтты.

Алдағы уақытта «Корнлебен­де» күнбағыс майын өндіретін цех ашылады. Жалпы, «Корнлебен» кәсіпорны – Ертіс ауданындағы «Абай» жауапкершілігі шек­теу­лі серіктестігінің облыс ор­та­лығындағы құрылымы. Өңірдегі астық өсіретін Ертіс ауданындағы Абай атындағы серіктестік өткен жылы күзгі жиын-терін кезінде 100 мың тоннадан астам бидай жинап алды. Даланың мол өнімі енді, міне, қалалықтардың дас­тар­қанына да жетті. Н.Миллер басқаратын «Абай» серіктестігі 60 мың гектар алқапқа егін егеді. Ауылдың алаңсыз жұмысы мен тыныс-тіршілігі үшін барлық әлеуметтік жағдайлар жасалған. Әр үйге су келіп тұрады. Бала­бақ­ша, мәдениет үйі, монша, емхана, дәрігерлік пункт, асхана, қонақүйі, мектеп, дүкендер, наубайхана, кондитерлік цехтар, сүт өнімдері – барлығы да бар, бассейн, спорт кешендері түгелдей жұмыс жасап тұр. Дәл қаладағыдай өмір. Кеңес өкіметі кезінде салынған қыруар дүниені шаруашылықтар ыдыраған жекешелендіру науқанында Миллер сатып алып, сақтап қалды. Сол қалпында бүлінбей, бұзылмай бүгінгі ауылдың қолына тиді. Миллер туған ауылын бүлдіргіге салдырмады. Бүгінде оның қызығын ауыл халқы көріп отыр. Миллердің ауылы жайнап тұр, сүт өңдейтін кәсіпорын да бар, онда айран да, қаймақ та, ірімшік, май өндіріледі.

Жобалық қуаты тәулігіне – 10 тонна. Серіктестік тіпті, кім келіп үй салып береді деп кү­тіп отырмай-ақ, өз қаражатына бая­ғы­да тұрғын үйлер тұрғызды.

– Бүгінде мемлекет шаруашы­лық­тардың жұмыс жасауына мүмкіндіктер жасауда. Өз басым шетелдерде көп боламын. Бәрін де көріп жүрміз. Ал, біз – ауылдық кәсіпкерлер біздің мемлекеттің жасаған мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білуіміз керек, – дейді Николай Миллер.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.

Суреттерді түсірген Валерий БУГАЕВ.

Соңғы жаңалықтар