Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:42

Шымкентте заңсыз миграциямен айналысқан топ ұсталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырып келген қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Күдіктілер ақшалай сыйлықақы үшін мигранттарды тыйым салынған әрекеттер негізінде заңдастырған, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте заңсыз миграциямен айналысқан топ ұсталды

Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі мен прокуратураның үйлестірумен жүргізілген операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілген. 

Нәтижесінде ондаған шетелдіктен паспорт, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленді. Сонымен қатар ірі көлемдегі ақша және тіркелмеген қару алынды.

Е.Көшербаев Бішкекте заңсыз көші-қон мен экстремизмге қарсы күш біріктіруді ұсынды

Ал қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған іске қатысы бар 13 адам полицияға жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ішкі істер министрлігі көші-қон заңнамасын бұзудың кез келген фактісі тексерілетінін ескертіп отыр.

Көші-қон заңнамасын бұзған 121 шетелдік елден шығарылды

 

Соңғы жаңалықтар