Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019
«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жуминның қатысуымен «Шымкент - адалдық аланы» жобалық кеңсесінде сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер республикалық жобасы ашылды.
Әлем • 22 Қаңтар, 2019
Ресейлік БАҚ-ты алаңдататын мәселе: планетамызға тіршілікті біржолата жойып жіберетін, диаметрі 300 метрлік астероид жақындап келеді.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019
Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр
Әл-Фараби ауданында 4 мектепте балалар үш ауысымда білім алады. Бұл туралы аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың есепті жиналысында айтылды. Респубикалық маңызы бар қала мәртебесін алған мегаполисте білім беру мекемелеріне деген тапшылық азаяр емес. Тіпті, қатары жылдан-жылға көбейіп жатыр. Мемлекет басшысы әр жылдары халыққа арнаған Жолдауында білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқу және апат жағдайында болу проблемалары мейілінше сезіліп отырған аймақтарға көмек беру жөнінде айтып келеді. Ал Шымкент қаласында бүгінде үш ауысымды мектептердің қатары 19-ға жеткен. Ондағы оқушылардың саны 54672 болып отыр. Тіпті, 1200 орынды мектепте 4400 оқушы білім алып жүр.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019
«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымына Абатов Жасұлан Уәлиұлы тағайындалды.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019
«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Абсұлтанов Қайрат Байғабылұлы тағайындалды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.