Оқиға • 23 Қаңтар, 2024
Майқайыңда ойыққа түсіп кеткен автобус: Прокуратура мәлімдеме жасады
2024 жылдың 4 қаңтар күні Баянауыл ауданы, Майқайың кентінде «Майқайыңалтын» АҚ аумағында 4 адам мінген автобус ойыққа құлап кеткен еді. 2 жолаушының денесі сол күні шығарылса, қалған екі адамды іздестіру жұмысы жалғасып жатыр. Бас прокуратура тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 23 Қаңтар, 2024
Астанада аялдамаларды цифрландыру жұмысы жүріп жатыр
Астанада жолақысын электронды төлеу және диспетчерлеу жүйесін жаңғырту шеңберінде аялдамаларды цифрландыру жұмыстары басталды. Нақты атағанда енді аялдамаларда QR коды бар арнайы жапсырмалар орналастырылады. Оларды сканерлеу арқылы бағдарлардың нақты келу уақытын көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Қазақстанда қанша адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды?
Отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты елімізде қандай шаралар қабылданып жатқанын БҰҰ-ның еліміздегі әйелдер өкілдігінің басшысы Дина Амришева айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Қаңтар, 2024
Үкіметте экологиялық талаптарды сақтау жайы айтылды
Өткен жылдың қорытындысына сәйкес шығарындылар бойынша нормативтердің 3,3%-ға – 4,2 млн тоннадан 4,06 млн тоннаға дейін, төгінділер бойынша 8%-ға – 2,5 млн тоннадан 2,3 млн тоннаға дейін төмендеді, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі Алматы қаласында тағы екі жер дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.